Рыбакина Miami Open турнирін екінші айналымнан бастайды
Әлемнің екінші ракеткасы, қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Майами қаласына келіп, WTA 1000 санатындағы Miami Open турниріне қатысу үшін дайындықты бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жарыс басталар алдында теннисші ойыншыларға арналған ресми кешке қатысып, сәнді әрі үйлесімді образымен көзге түсті.
Майамидегі турнир 17–28 наурыз аралығында өтеді. Рыбакина жарысты екінші айналымнан бастайды. Оның алғашқы қарсыласы Юлия Путинцева мен Индонезия өкілі Джанис Тьен арасындағы матчтың жеңімпазы болады.
Айта кетейік, өткен аптада қазақстандық теннисші Индиан-Уэллс турнирінде сәтті өнер көрсетіп, финалға дейін жеткен еді. Алайда шешуші ойында әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенкодан жеңілді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или