Қазақстандық теннисшілер жұптық сында Испаниядағы жарысты сәтті бастады
Қазақстандық теннисшілер Испаниядағы ITF турнирін сенімді бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Асылжан Арыстанбекова (WTA 1094) мен Инкар Дүйсебай жұптық сындағы алғашқы ойынын өткізді. Қарсыластары испаниялық Ана Майе Мартинес пен Джордина Фонт болды.
Қазақстандық дуэт 6-2, 6-2 есебімен жеңіске жетті. Матч бір сағаттан аз уақытқа созылды.
Турнир 22 наурызға дейін созылады. Жүлде қоры 30 000 АҚШ долларын құрайды.
Еске сала кетейік, өткен жылдың желтоқсан айында Асылжан Арыстанбекова мен Инкар Дүйсебай Түркияның Анталия қаласында өткен ITF W15 жұптық турнирінде жеңіске жеткен болатын.
Қазақстандық теннисшінің «Мастерс» турниріндегі қарсыласы белгілі болды
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или