Қазақстан құрамасының FIFA Series 2026 турниріне арналған ойыншылардың нақты тізімі
Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов наурыз айында өтетін FIFA Series 2026 турниріне арналған ойыншылардың нақты тізімін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҚФФ-ға сілтеме жасап.
Тізімге 26 футболшы енді:
Қақпашылар: Темірлан Анарбеков («Қайрат»), Мұхамеджан Сейсен («Астана»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»).
Қорғаушылар: Сергей Малый («Ордабасы»), Александр Мрынский, Александр Широбоков, Еркін Тапалов (бәрі – «Қайрат»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Ян Вороговский, Әлібек Қасым (екеуі де – «Астана»), Арсен Әшірбек («Елімай»), Мейрамбек Қалмырза («Тобыл»), Әділет Кеңесбек, Сағи Совет (екеуі де – «Қайсар»).
Жартылай қорғаушылар: Рамазан Оразов («Елімай»), Айбол Әбікен («Қайсар»), Исламбек Қуат («Жеңіс»), Дінмұхамед Қараман («Астана»).
Шабуылшылар: Дастан Сәтпаев («Қайрат»), Ғалымжан Кенжебек, Максим Самородов (екеуі де – «Ахмат», Ресей), Ислам Чесноков («Хартс», Шотландия), Жаслан Жұмашев («Тобыл»), Иван Свиридов («Елімай»), Артур Шушеначев («Ақтөбе»), Нұрдәулет Ағзамбаев («Қайсар»).
Бапкерлер штабы: Талғат Байсуфинов – бас бапкер, Иван Азовский – бас бапкердің көмекшісі, Марат Еслямов – бас бапкердің көмекшісі, Елдос Ахметов – бас бапкердің көмекшісі, Юрий Новиков – қақпашылар бапкері, Мұхтар Ерімбетов – дене даярлығы бапкері, Тимур Құсайынов – сарапшы, Нұрлан Биттұғылов – дәрігер, Бауыржан Абаев – физиотерапевт, Біржан Оразғалиев – физиотерапевт, Алексей Ильяшин – массажист, Евгений Карнаухов – массажист, Қуаныш Мұханбет – менеджер, Михаил Әубәкіров – әкімші, Максим Шауберт – кит-менеджер.
ҚПЛ клубының екі футболшысы Финляндия құрамасына шақырту алды