«Қайраттың» футболшылары Финляндия құрамасына шақырту алды
«Қайраттың» финляндиялық ойыншылары Яакко Оксанен мен Ойва Юккола Жаңа Зеландияда өтетін 2026 жылғы FIFA сериясы турниріндегі ойындарға ұлттық құрамаға шақырылды, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
«Юккола мен Оксанен Финляндия құрамасына шақырылды.
Наурыз айында Финляндия құрамасы Жаңа Зеландияда 2026 жылғы FIFA сериясы аясында екі матч өткізеді:
27 наурыз
Қарсылас: Жаңа Зеландия
Стадион: Эден Парк, Окленд
30 наурыз
Қарсылас: Кабо-Верде
Стадион: Эден Парк, Окленд»
Ұлттық құраманың шақыруын алған жігіттерді құттықтаймыз және оларға табысты ойын тілейміз!, - деп жазды алматылық клуб Instagram парақшасында.
«Ордабасы» сырт алаңда «Жеңісті» ұтты
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или