European Open: Қазақстан дзюдошылары бес медаль еншіледі
Қазақстандық дзюдошылар Польшада өткен European Open 2026 турнирінде жақсы нәтиже көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ел намысын қорғаған спортшылар аталмыш турнирде бір алтын, бір күміс және үш қола медаль жеңіп, жалпы есепте 5-орынға табан тіреді.
60 келі салмақ дәрежесінде қазақстандық екі балуан Тоқтар Үміталиев пен Сұңғат Нұрлатұлы финалда белдесті. Нәтижесінде Тоқтар Үміталиев алтын, ал Сұңғат Нұрлатұлы күміс медаль еншіледі.
Асылхан Зинуллин (60 келіге дейін), Камила Берліқаш (78 келіден жоғары) және Айбол Нысанәлі (90 келіге дейін) қола медаль жеңіп алды.
Грузиядағы Grand Slam турниріне қатысатын Қазақстан құрамы белгілі болды
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или