Қазақстан әйелдер құрамасы халықаралық оқу-жаттығу жиынына қатысуда

Қазақстан әйелдер құрамасы халықаралық оқу-жаттығу жиынына қатысуда

Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны Назым Қызайбай Азия чемпионатына дайындық аясында халықаралық оқу-жаттығу жиыны басталғанын мәлімдеді, 

Оқу-жаттығу жиыны Алматы облысындағы Олимпиадалық резерв орталығында өтіп жатыр. Қазақстан құрамасымен бірге бұл жиынға Ресей, Түркия, Германия, Швеция және Швейцария құрамалары да қатысуда.

Спортшы әлеуметтік желідегі парақшасында жаттығудан фото жариялап, қысқа ойымен бөлісті:

«Әлем біздің іс-әрекетімізді көреді, сөзімізді естиді, бірақ шын мәнінде не сезінетінімізді тек өзіміз ғана білеміз», — деп жазды Қызайбай.

Бұған дейін әйелдер құрамасының бас бапкері Елдос Сайдалин де команданың халықаралық жиынға кіріскенін хабарлаған еді.

Айта кетейік, 2026 жылғы Азия чемпионаты Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтеді.

Бақыт Сәрсекбаев Futures Cup турнирін қорытындылады

Мейірім Нұрсұлтанов әлемдік рейтингте бірінші орында тұр

Қазақстан Futures Cup турнирін төрт алтын медальмен аяқтады


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или