Сәкен Бибосынов WBA Asia белбеуі үшін жекпе-жек өткізеді
Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов кәсіпқой бокстағы үшінші жекпе-жегін өткізуге дайындалуда, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ол 17 сәуір күні Қырғызстан астанасы Бішкекте Индонезия өкілі Сурия Дхармамен (4-0, 3 КО) WBA Asia белбеуін сарапқа салады. Жекпе-жек 10 раундқа жоспарланған.
«Мен титулдық жекпе-жекке дайынмын. Алғаш рет өзімді он раундтық кездесуде сынап көремін. Қарсыласым өте мықты», - деді боксшы әлеуметтік желідегі парақшасында.
Айта кетейік, Сәкен Бибосынов әуесқой деңгейде екі дүркін әлем чемпионы және Токио-2020 Олимпиадасының қола жүлдегері.
Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы атағынан айырылды
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или