Түркістанда қазақ күресінен Қазақстан кубогы өтеді
2026 жылғы 26-29 наурыз күндері аралығында көне шаһар – Түркістан төрінде қазақ күресінен ересектер арасында Қазақстан кубогы өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Дүбірлі додаға еліміздің барлық өңірлерінен келген үздік балуандар қатысады деп күтілуде.
Байрақты бәсекеде ерлер -55, -60, -66, -74, -82, -90, -100, +100 және түйе балуан салмақ дәрежелері бойынша күш сынасады. Ал әйелдер -48, -52, -56, -60, -65, -70, -77 және +77 келі салмақтарында белдеседі. Сонымен қатар, жарыс бағдарламасына сәйкес, аралас командалық форматтағы командалық сайыс та қарастырылған.
Түркістан төрінде өтетін Қазақстан Кубогі – елдің үздік балуандарын анықтайтын маңызды жарыстардың бірі. Бұл дода ұлттық спорттың дамуына серпін беріп қана қоймай, қазақ күресінің рухын асқақтатып, жас буынға үлгі болатын айтулы спорт мерекесіне айналмақ.
Қазақ күресі мен самбодан ашық чемпионат өтеді
Қазақ күресінен алғаш рет Азиялық Qazaq Kuresi Ассоциациясы құрылды
Ислам ынтымақтастығы ойындары: Қазақстан дзюдошылары жеті медаль еншіледі