Бақыт Сәрсекбаев жас боксшыларға баға берді

Бақыт Сәрсекбаев жас боксшыларға баға берді

Бокстан Қазақстан жастар құрамасының бас бапкері Бақыт Сәрсекбаев Бангкокта өткен лицензиялық «Futures Cup» турнирін қорытындылады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Бұл турнирде қазақстандықтар өте жақсы нәтиже көрсетті. Бапкерлерге үлкен рақмет. Енді біздің алға қойған үлкен жоспарларымыз бар. Алда Олимпиада мен әлем чемпионаттары күтіп тұр. Соған дайындаламыз. Жігіттердің қандай қателіктері бар екенін көрдім. Сол қателіктермен жұмыс істеп, түзетеміз. Мен алғаш рет бас бапкер ретінде жігіттерді осындай турнирге алып бардым», - деді Сәрсекбаев.

Айта кетейік, аталған жарыста Қазақстан құрамасы 4 алтын, 4 күміс, 3 қола медаль еншілеп, жалпы есепте 2-орынға тұрақтады.

Қазақстан құрамасы бокстан Futures Cup турнирін төрт алтын медальмен аяқтады

Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы атағынан айырылды

Мейірім Нұрсұлтанов әлемдік рейтингте бірінші орында тұр

Сұлтан Заурбек WBO рейтингінен шығып қалды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или