Неміс маманы «Барселонада» қалатын болды
«Барселона» футбол клубы неміс маманы Ханс-Дитер Фликпен арадағы келісімшарт мерзімін ұзартты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл туралы каталониялық клубтың президенті Жоан Лапорта мәлімдеді:
«Жақында Фликпен келісімшартты 2028 жылға дейін ұзартқанымызды хабарлаймыз. Ханси келісімін беріп қойды. Ол «Барселонада» өте бақытты», – деді Жоан Лапорта.
61 жастағы маман мен клубтың қазіргі келісімшарты 2027 жылға дейін жарамды.
Айта кетейік, Флик «блаугрананы» 2024 жылы тізгіндеген еді.
Испания мен Аргентина арасындағы Финалиссима матчы өтпейтін болды
«Реал Мадрид» өз алаңында қарсыласын ірі есеппен жеңді (видео)
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или