Қазақстанда FIFAe аясында киберфутболдан чемпионат өтеді

Қазақстанда FIFAe аясында киберфутболдан чемпионат өтеді

Сәуірде ҚФФ бастамасымен киберфутболдан ұлттық құраманы жасақтауға арналған Қазақстан чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Чемпионат бірнеше ойын тәртібімен  ұйымдастырылады. 6 сәуірде eFootball (Console), 20 сәуірде Rocket League және 27 сәуірде eFootball (Mobile) платформасында болады.

Ойындар онлайн форматта өтеді. Оған 16 жастан асқан әр адам қатыса алады. Ниеттілер арнайы FIFA.GG платформасында тіркелуі қажет. 

Киберфутболдан Қазақстан чемпионатының қорытындысы бойынша 10 ойыншыдан тұратын кеңейтілген құрама жасақталып, халықаралық FIFAe жарысына қатысатын негізгі құрама жасақталады.

Қазақстандық ойыншылар үшін бұл жоба – халықаралық деңгейде тәжірибе жинап, әлемнің үздік киберспортшыларымен бәсекеге түсуге берілген маңызды мүмкіндік. Сонымен қатар, бастама елімізде киберфутбол қауымдастығын дамытуға және жаңа таланттарды анықтауға бағытталған.

Жоба FIFA ұйымдастыратын халықаралық киберспорт экожүйесі – FIFAe жарыстары аясында жүзеге асады. 2026 жылғы маусымда ұлттық қауымдастықтар өз елдерінің үздік ойыншыларын анықтап, ұлттық құрама жасақтайды.

Биылғы халықаралық маусымда командалар бірнеше кезеңнен тұратын халықаралық жарыс жүйесінде бақ сынайды. Алдымен ұлттық бағдарламалар мен іріктеу турнирлері өтеді. Одан кейін ұлттық құрамалар FIFAe Nations League турнирінде өнер көрсетеді. Бұл жарыс үш ойын аптасынан тұрады. Әр кезеңнің нәтижесі бойынша үздік құрамалар құрлықтық чемпионаттарға жолдама алады.

Құрлықтық чемпионаттарда жоғары нәтиже көрсеткен командалар маусымның басты додасы FIFAe World Cup 2026 турниріне қатысу мүмкіндігіне ие болады. Аталған әлем чемпионатының финалдық кезеңі қатарынан төртінші рет Сауд Арабиясында өтеді.

FIFA.GG турниріне қатысу үшін алдымен платформада аккаунт ашып, Team Manager ретінде тіркелу керек. Содан кейін командаға ойыншыларды қосып, олардың әрқайсысының аккаунты бар екеніне көз жеткізу қажет.

Қажет турнирді тауып, команданы тіркеп, шарттарын қабылдаған соң, қатысуды Check-In арқылы растау қажет. Соңында ашылатын финалдық растау терезесі 15 минутқа ғана қолжетімді, осы уақытта менеджер команда мен ойыншылар қатысатынын растауы тиіс. Егер оны өткізіп алсаңыз, команда жарыстан шеттетіледі.

«Болашақ ойындарының» жарыс кестесі жарияланды

Қазақстанда алғаш рет ұлттық киберспорт чемпионаты ұйымастырылады

Дереккөз: kff.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или