«Ордабасы» ойыншысы ұлттық құрамаға барудан бас тартты

«Ордабасы» ойыншысы ұлттық құрамаға барудан бас тартты

Маусым басында елордалық «Астанадан» шымкенттік «Ордабасыға» ауысқан 29 жастағы македониялық қорғаушы Алекса Аманович Қазақстан ұлттық құрамасына қатысты сұраққа нүкте қойды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Жоқ, мен ұлттық құрама сапында өнер көрсетпеймін, бұл туралы бұрын да айтқанмын. Себебі мен Жасұлан Әмір секілді жас ойыншылардың жолын бөгегім келмейді. Ол «Жеңіске» қарсы ойында өзінің әлеуетін көрсетіп, бір-екі жылдың ішінде ұлттық құрамада ойнауға дайын болатынын көрсетті. Мен легионер ретінде ондай ойыншылардың орнын алуды жөн санамаймын — бұл мен үшін принципиалды ұстаным», – деді футболшы Vesti порталына берген сұхбатында.

Амановичтің Қазақстанда ойнап жүргеніне жеті жыл болды. Бұған дейін БАҚ беттерінде футболшы азаматтық алып, ұлттық құрамада ойнауы мүмкін деген ақпарат тараған еді.

«Ордабасы» сырт алаңда «Жеңісті» ұтты

Дастан Сәтпаевтың голы «Қайратқа» жеңіс сыйлады

«Қайсар» – «Астана» матчында гол соғылмады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или