Қазақстандық теннисшінің «Мастерс» турниріндегі қарсыласы белгілі болды
2026 жылғы ерлер арасындағы Майами ашық чемпионатының жеребесі тартылды, онда қазақстандық Александр Бубликтің турнир басындағы ықтимал қарсыластары анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
ATP рейтингінде 11-орында тұрған Қазақстанның 1-ракеткасы Майамиде өтетін «Мастерс» турниріндегі жарысын екінші айналымнан бастайды. Оның алғашқы қарсыласы Александр Мюллер мен Маттео Берреттини арасындағы кездесудің жеңімпазы болады.
Егер Бублик алғашқы кездесуден сәтті өтсе, ол үшінші айналымда әлемдедік рейтингте 26-орында тұрған монаколық Валентин Вашеромен кездесуі мүмкін.
Турнирдің жалпы жүлде қоры 9 415 725 АҚШ доллар. ATP 1000 турнирі Майамиде 18-29 наурыз аралығында өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или