Қазақстан құрамасы Түркиядағы әлем кубогы кезеңін бір медальмен аяқтады

Қазақстан құрамасы Түркиядағы әлем кубогы кезеңін бір медальмен аяқтады

Түркияның Анталья қаласында спорттық гимнастикадан Әлем кубогының кезекті кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК-қа сілтеме жасап.

Ірі турнирде Қазақстан құрамасының сапында Нариман Курбанов, Зейнолла Ыдырысов, Роман Маменов, Нұртан Ыдырысов, Амели Мукушева және Амина Халимарден өнер көрсетті.

Алайда финалға екі гимнаст қана жолдама алды. Ат снарядындағы жаттығуда Зейнолла Ыдырысов күміс медаль жеңіп алды.

Ал Роман Маменов қол тіреп секіруден финалға өтті. Нәтижесінде жетінші орынға тұрақтады.

Осылайша, Қазақстан құрамасы Әлем кубогы кезеңін бір күміс медальмен аяқтады.

Спорт министрі конституциялық референдумда дауыс берді


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или