Ммхаил Кукушкин Испаниядағы турнирді сәтті бастады

Ммхаил Кукушкин Испаниядағы турнирді сәтті бастады

Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин (ATP рейтингінде 285-орында) Испанияның Мурсия қаласында өтіп жатқан Челленджер турнирінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бірінші айналымда Кукушкин литвалық теннисші Эдас Бутвиласпен (279-орында) кездесіп, оны қатарынан 7-6, 6-4 есебімен жеңді. 

Кездесу 1 сағат 41 минутқа созылды. 

Осылайша, Михаил 1/8 финалға өтті, онда ол Николас Санчес Искьердо (Испанияда 260-орында) мен Роберто Карбальес Баэна (Испанияда 165-орында) арасындағы кездесудің жеңімпазымен ойнайды.

Мурсиядағы турнирдің жүлде қоры 97 640 еуро. Жеңімпаз 15 510 еуро және 75 рейтингтік ұпай жинайды.



Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или