Ханс-Дитер Флик «Барселона» клубымен келісімшартты 2028 жылға дейін ұзартпақ
Ханс-Дитер Флик каталондық клубпен келісімшартты 2028 жылға дейін ұзарту туралы келісімге келді. Онда қабылданған шешімді «Барселона» президентін сайлаудың нәтижелері шыққаннан соң ресми жария етпек, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ол Жоан Лапортаның жеңісіне сенімді болғысы келеді.
Флик Барселонадағы өміріне және жас ойыншыларды дамыту бағытына риза екенін айтып, өзі тәрбиелейтін буынмен Чемпиондар Лигасын жеңу бас мақсұты екенін жеткізді.
Айта кетелік, «Барселона» Испания чемпионатының 28 ойынынан кейін 70 ұпай жинап, турнир кестесінде бірінші орынға жайғасты. Мадридтік «Реал Мадрид»командасынан төрт ұпайға алда тұр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или