Атыс оқиғасынан PGA Tour турнирі жалғасын таппады
Флоридада PGA Tour турнирі өтіп жатқан маңда екі адам қаза тапқан атыс оқиғасы болды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Оқиға турнир өтетін TPC Sawgrass гольф клубына жақын маңда болған. Флорида штатының автотұрағында ер адам екі адамды атып кеткен. Күдікті ретіндк Кристиан Барриос анықталды. Полиция мәліметінше, оқиға тұрмыстық жанжалмен байланысты болуы мүмкін.
Атыстан кейін күдікті қашып, оны іздеу үшін ауқымды топ құрылды. Ол тіпті турнир өтіп жатқан аумақта болып, PGA Tour рациясын ұрлап, кейін оны жолай қалдырып кеткен. Қызметтік иттер оның ізіне түсті..
Кейін күдікті қара түсті BMW көлігімен қашып, полицейлерді Нассау округі бағытына дейін алып кеткен. Сол жерде көлігімен орманға соғылып, жаяу қашпақ болғанымен, ақыры ұсталып, қамауға алынды.
Атыстан жараланған екі адам ауруханада көз жұмды. Олардың аты-жөні әзірге жарияланған жоқ. Полицияның айтуынша, Барриостың бұған дейін кемінде 27 рет қамауға алынған, әйткенмен шартты түрде бостандықта жүрген.
Қауіпсіздік шараларына байланысты турнирдің үшінші раунды бірнеше сағатқа кеш басталды, бірақ жарыстың ресми басталу уақыты өзгерген жоқ.