Қазақстан Премьер-лигасының екінші турында «Ұлытау» жеңіске жетті

Қазақстан Премьер-лигасының екінші турында «Ұлытау» жеңіске жетті

«Ұлытау» Қазақстан Премьер-лигасының екінші турында «Қазақстан» командасын жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу Жезқазған қаласында өтіп, алаң иелері 1:0 есебімен басым түсті. Матчтағы жалғыз голды ресейлік қорғаушы Георгий Бугулов соқты.

Осы жеңістен кейін «Ұлытау» 4 ұпай жинап, турнирлік кестеде екінші орынға көтерілді. Ал «Қызылжар» алтыншы орында тұр.

Келесі турда жезқазғандық клуб сырт алаңда «Оқжетпес» командасымен кездессе, «Қызылжар» өз алаңында «Ертіс» клубын қабылдайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или