Қазақстан Премьер-лигасының екінші турында «Ұлытау» жеңіске жетті
«Ұлытау» Қазақстан Премьер-лигасының екінші турында «Қазақстан» командасын жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кездесу Жезқазған қаласында өтіп, алаң иелері 1:0 есебімен басым түсті. Матчтағы жалғыз голды ресейлік қорғаушы Георгий Бугулов соқты.
Осы жеңістен кейін «Ұлытау» 4 ұпай жинап, турнирлік кестеде екінші орынға көтерілді. Ал «Қызылжар» алтыншы орында тұр.
Келесі турда жезқазғандық клуб сырт алаңда «Оқжетпес» командасымен кездессе, «Қызылжар» өз алаңында «Ертіс» клубын қабылдайды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или