әйгілі боксшы Хулио Сесар Чавес қазір АҚШ-тан тыс жерде жүр

әйгілі боксшы  Хулио Сесар Чавес қазір АҚШ-тан тыс жерде жүр

Орта салмақ чемпионы, әйгілі боксшы  Хулио Сесар Чавес қазір АҚШ-тан тыс жерде жүр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Оның жұбайы Фрида спортшының қамауға алынып, депортацияланғаннан кейін де рухын түсірмей, жағдайды сабырмен қабылдап отырғанын жеткізді.

Бұған дейін WBC нұсқасы бойынша экс-чемпион шілде айында Калифорния аумағында иммиграциялық заңды бұзды деген күдікпен ұсталған. Кейін ол Мексикс еліне депортацияланып, қазіргі уақытта заңдық мәселелерін шешіп жатыр.

Жұбайының айтуынша, бұл жағдай олардың отбасының өмірін түбегейлі өзгерткен. Қазір олар адвокаттардың көмегіне сүйеніп, боксшының болашақта  еліне қайта оралу мүмкіндігін күтіп жатыр. 

Айта кетелік, спортшы жақында отбасымен бірге шағын кеш өткізіп, 40 жасын атап өтті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или