«Ташкентте ұйықтап қалады». Өзбек файтері қазақстандық қарсыласына үндеу жасады
Танымал өзбек файтері, «хайлайт-машина» лақап атымен танымал Шохасан Мирзаматов (16-4), жартылай орта салмақта OCTAGON чемпионы қазақстандық Богдан Пшебельскийге (7-2) үндеу жолдады, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Бұл жекпе-жекке ұзақ жеттім. Өмірімдегі әртүрлі сәттер чемпиондыққа таласуға кедергі болды. Мен біреуден қорқады деген пікір бар, бірақ мен ешқашан жекпе-жекте қорқыныш сезінген емеспін.
Богданның үлкен басына соққы бағыттау қиын емес. Сондықтан, ол қолын жоғары ұстап жүргені жөн Жекпе-жек ұзаққа созылмайды; қазіргі чемпион Ташкентте ұйықтап қалады, ал мен жаңа белдікті өзбек халқына сыйлаймын», - деді Мирзаматов.
Естеріңізге сала кетейік, Пшебельский мен Мирзаматов жекпе-жегі 2 сәуірде Ташкентте өтетін OCTAGON 85 турнирі аясында өтеді.
Екінші маңызды жекпе-жекте қазақстандық Еламан Жетпісбай (7-1-1) мен турнир қожайыны Жамолиддин Рахмонжонов (7-1-1) кездеседі.
OCTAGON 85 турнирінің ресми серіктесі — Gorilla Energy Drink
OCTAGON 85 турнирінің бас серіктесі — UNDERDOG спорт агенттігі
OCTAGON лигасының бас серіктесі — 1XBET букмекерлік компаниясы
Жеңіліс дәмін татпаған файтер қайта оралады
UFC титулын Қазақстанға Шавкаттан бұрын кім әкеледі?
Шавкаттың бапкері: «Рахмоновпен айқасу Ислам үшін тым қауіпті»