Алматыда «Қайрат» пен «Ақтөбе» матчына байланысты қауіпсіздік күшейтіледі

Алматыда «Қайрат» пен «Ақтөбе» матчына байланысты қауіпсіздік күшейтіледі

Бүгін Алматының Орталық стадионында ішкі біріншілік аясында «Қайрат» пен «Ақтөбе» футбол клубтары кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

— Агрессия, арандату, балағат сөздер, қорлау, бұзақылық әрекеттер, сондай-ақ тыйым салынған заттарды пайдалану — мүлде жол берілмейтін әрекеттер. Мұндай жағдайларда полиция тарапынан жедел шаралар қабылданады. Құқық бұзушылар анықталып, әрбір дерекке құқықтық баға беріледі, — деп полиция бастығы.

Сондай-ақ ол жанкүйерлерді стадиондағы тәртіп ережелерін сақтауға шақырды. Қоғамдық тәртіпті бұзуға бағытталған кез келген әрекетке жедел тосқауыл қойылатынын ескертті.

— Матч өтетін күні стадион мен оған іргелес аумақта қауіпсіздік шаралары барынша күшейтіледі. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосымша полиция күштері жұмылдырылады. Сонымен қатар матч өтетін аумақ толықтай тұрақты бақылауда болады, — деді ол.

Қалалық полиция департаментінің бастығы Айдын Кабдулдиновтың айтуынша, спорттық іс-шара барысында қоғамдық тәртіп қатаң бақылауда болады.

Қала полициясы аталған ойынға байланысты стадион аумағы мен оған іргелес аймақтарда қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосымша шаралар қабылданып жатқанын мәлімдеді.


 ҚПЛ: Екінші турдағы матчтардың тікелей трансляциясы

«Ордабасы» ганалық футболшымен толығады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или