ATP қазақстандық теннисшілердің рейтингін жаңартты
Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы (ATP) рейтинг жаңартты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Испаниялық Карлос Алькарас әлемнің бірінші ракеткасы болып қалды, Индиан-Уэллс чемпионы италиялық Янник Синнер екінші орында, ал сербиялық Новак Джокович үшінші орында.
Оныншы орында тұрған қазақстандық теннисші Александр Бублик 11-ші орынға түсті.
Естеріңізге сала кетейік, Бублик жақында өткен Masters турнирінің үшінші айналымында австралиялық Ринки Хиджикатадан жеңіліп қалды.
Тағы бір қазақстандық Александр Шевченко өз рейтингін төрт орынға жақсартып, 84-ші орынға жетті. Тимофей Скатов төрт орынға төмендеп, 195-ші орынға жайғасты.
Елена Рыбакина Индиан-Уэллсте қанша табыс тапты?
Данилина мен Крунич WTA 1000 турнирінде күміс жүлдемен шектелді
Қазақстандық теннисші Тунистегі турнирдің жартылай финалына шықты