«Ордабасы» ганалық футболшымен толығады

«Ордабасы» ганалық футболшымен толығады

Шымкенттің «Ордабасы» командасы Гана құрамасында ойнаған жартылай қорғаушы Дэвид Абагнаның трансфері бойынша келісімге келді, деп хабарлайды Prosports.kz.

 27 жастағы футболшы қазіргі уақытта Кипрдің АПОЭЛ клубында ойнайды. Биыл ол клуб сапында 13 ойынға қатысып, бір гол соқты.

Абагна Гана құрамасына алғаш рет 2022 жылы шақырту алып, содан бері жеті халықаралық матч өткізді.

Еске сала кетейік, «Ордабасы» 2026 жылғы ҚПЛ бірінші турында Павлодардың «Ертіс» командасымен 2-2 есебімен тең ойнады. Чемпионаттың екінші турында шымкенттіктер 16 наурызда сырт алаңда «Жеңіс» (Астана) командасымен кездеседі.


Самородов нәтижелі пас берген матчта «Ахмат» тең түсті

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или