Италия А сериясы: «Милан» Римде жеңіліс құшты

Италия А сериясы: «Милан» Римде жеңіліс құшты

«Милан» Италия А сериясының 29-шы турында «Лациодан» ұтылды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Римдегі «Стадио Олимпико» стадионында өткен матч қонақтар фаворит деп саналғанына қарамастан, «Лацио» 1:0 есебімен ұтып кетті. «Лацио» шабуылшысы Густав Исаксен 26-шы минутта матчтағы жалғыз голды соқты.

Бұл жеңістен кейін «Лацио» 40 ұпай жинап, Италия чемпионатында тоғызыншы орында тұр. 60 ұпайы бар «Милан» екінші орында қалып отыр.

Қоса кетейік, «Милан» А сериясында қонақтағы соңғы он төрт матчта жеңілмеген еді.


Чесноков «Хартс» сапындағы кезекті матчын өткізді

«Реал Мадрид» өз алаңында қарсыласын ірі есеппен жеңді (видео)

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или