Еуропа чемпионатының элиталық кезеңіне қатысатын Қазақстан жасөспірімдер құрамасы белгілі болды

Еуропа чемпионатының элиталық кезеңіне қатысатын Қазақстан жасөспірімдер құрамасы белгілі болды

19 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасының 2025/26 жылғы Еуропа чемпионаты элиталық кезеңіне қатысатын ойыншыларының тізімі жарияланды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҚФФ-ға сілтеме жасап.

Қазақстан U-19 жасөспірімдер құрамасы элиталы кезеңде 5-топта Украина, Румыния және Солтүстік Ирландия құрамаларымен ойнайды.

Матчтар 2026 жылдың 25-31 наурыз күндері аралығында Румынияда өтеді. Элиталық кезеңге қатысатын 28 құрама жеті топқа бөлінді. Әр топтың жеңімпазы 2026 жылдың 28 маусым – 11 шілде аралығында Уэльсте өтетін Еуропа чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алады. Финалдық кезеңге жарыс қожайыны Уэльс құрамасы автоматты түрде қатысады.

Сергей Лабодовский бастаған жасөспірімдер құрамасы Түркияда оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Кеңейтілген тізімге 25 ойыншы енді:

Қақпашылар: Шерхан Қалмұрза («Қайрат»), Саятхан Құсайынов («Ақтөбе»), Диас Реймов («Каспий»), Даниль Асымжан («Хан Тәңірі»).

Қорғаушылар: Әлихан Жексенбек («Астана»), Данияр Ташпулатов («Қайрат»), Аманжол Бақытжанов («Тобыл»), Әмірбек Базарбаев («Қайрат»), Абзал Сағын («Астана»), Шыңғыс Қалиев («Леванте», Испания), Әкежан Қалиқұлов («Қайрат»), Темірлан Төребек («Тараз»), Райымбек Кеңесбеков («Қайрат»), Иван Пивоваров («Тобыл»).

Жартылай қорғаушылар: Евгений Петрик («Қайрат»), Карим Махаметжан («Қайрат»), Әли Ақылбаев («Шахтер»), Даниял Назаров («Шахтер»), Мұхамедәли Әбіш («Қайрат»).

Шабуылшылар: Абылай Төлеухан («Қайрат»), Азамат Тұяқбаев («Қайрат»), Алдияр Нұрғали («Леванте», Испания), Бекболат Исмайыл («Қайрат»), Мақсат Абраев («Астана»), Мансұр Бірқұрманов («Қайрат»).

Бапкерлер штабы: Сергей Лабодовский – аға бапкер, Русланжан Раимбакиев – бапкердің көмекшісі, Егор Скулкин – дене даярлығы бапкері, Евгений Овчинников – қақпашылар бапкері, Алексей Анкудинов – видеосарапшы, Айдар Шабанбай – дәрігер, Жансұлтан Сатмағамбет – массажист, Ахмед Хамдиев – массажист, Рахат Әкімқұл – менеджер, Шыңғыс Алмасбаев – әкімші.

U-19. 2025/26 жылғы Еуропа чемпионаты. Элиталы лига. 5-топ

Қазақстан U-19 - Румыния U-19

Румыния, Ангела Йорднеску стадионы

Украина U-19 - Қазақстан U-19

Румыния, Ұлттық футбол орталығы

 Солтүстік Ирландия U-19 - Қазақстан U-19

Айымбетовтің командасы сырт алаңда жеңіліп қалды

Самородов нәтижелі пас берген матчта «Ахмат» тең түсті

Қазақстандық маман Түркияның футбол құрамасын басқарады



Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или