Қазақстандық теннисші Испаниядағы турнирді сәтті бастады
Қазақстандық теннисші Денис Евсеев (ATP рейтингінде 366-орында) Испанияның Мурсия қаласында өткен Челленджер турниріндегі өнерін сәтті бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Іріктеудің жартылай финалында Евсеев турнир ұйымдастырушыларынан wild card алған рейтингі жоқ испаниялық Давид Вега Эрнандеспен кездесіп, оны қатарынан 6-4, 6-3 есебімен жеңді.
Кездесу 1 сағат 15 минутқа созылды.
Мурсиядағы турнирдің жүлде қоры 97 640 еуро. Жеңімпаз 15 510 еуро және 75 рейтингтік ұпай жинайды. Айта кетейік турнирдің басты фавориті нидерландылық теннисші Йеспер де Йонг (86-орында).
Елена Рыбакина жарқын жеңістер сериясын жалғастырып келеді
Данилина мен Крунич WTA 1000 турнирінде күміс жүлдемен шектелді
Қазақстандық теннисші Тунистегі турнирдің жартылай финалына шықты