УЕФА мен КОНМЕБОЛ Финалиссима ойынын кейінге қалдырды
Испания мен Аргентина құрамалары арасындағы Финалиссима матчы өтпейтін болды, деп хабарлайды Prosports.kz.
УЕФА мен КОНМЕБОЛ ұйымдары ойынды өткізбеу туралы шешімді бірлесіп қабылдады. 27 наурыз күні Қатарда өтуі тиіс кездесу Таяу Шығыстағы қазіргі жағдайға байланысты ұйымдастырылмайтын болды.
Еуропалық футбол ұйымының ресми мәлімдемесіне сәйкес, матчты басқа күнге ауыстыру бойынша Аргентина тарапымен келісімге келу мүмкін болмаған.
Бұл ойын жылдағы ең көп күтілген кездесулердің бірі болуы тиіс еді. Себебі алаңда Аргентина жұлдызы Лионель Месси мен Испания құрамасының жас көшбасшысы Ламин Ямаль алғаш рет бір-біріне қарсы ойнауы мүмкін болатын.
Еске салсақ, Финалиссима — Еуропа чемпионаты мен Оңтүстік Америка чемпионатының жеңімпаздары арасында өтетін матч. Алдыңғы кездесу 2022 жылы өтіп, онда Аргентина Италияны 3:0 есебімен жеңген еді.