Самородов нәтижелі пас берген матчта «Ахмат» тең түсті

Самородов нәтижелі пас берген матчта «Ахмат» тең түсті

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Максим Самородов нәтижелі пас бергеніне қарамастан, «Ахмат» Ресей Премьер-лигасының 21-туры аясында «Акронмен» өткен сырт алаңдағы матчта жеңіске жете алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Самара қаласында өткен кездесу 1:1 есебімен аяқталды. 27-минутта «Ахмат» алға шықты: бұрыштамадан Самородов берген допты Георгий Мелкадзе қақпаға дәл бағыттады.

Екінші таймда қонақтар үшін жағдай қиындай түсті. 49-минутта Исмаэл Силва екінші сары қағаз алып, алаңнан қуылды. Бес минуттан кейін Самородов та ойыннан алмастырылды.

63-минутта «Акрон» шабуылшысы Артем Дзюба гол соққанымен, офсайдқа байланысты есепке алынбады. Дегенмен 85-минутта ол тағы бір мүмкіндігін пайдаланып, есепті теңестірді.

«Ахматтың» тағы бір қазақстандық ойыншысы Ғалымжан Кенжебек бұл матчта алаңға шықпай, қосалқы құрамда қалды.

Осы тең нәтижеден кейін «Ахмат» 27 ұпай жинап, турнирлік кестеде тоғызыншы орыннан сегізінші орынға көтерілді. Ал «Акрон» 22 ұпаймен 11-орыннан 10-сатыға көтерілді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или