«Манчестер Сити» қосалқы құрам голдары бойынша лигада соңғы орында

«Манчестер Сити» қосалқы құрам голдары бойынша лигада соңғы орында

«Манчестер Сити» ағылшын Премьер-лигасында биылғы маусымда ерекше статистикалық көрсеткішпен соңғы орында тұр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Маусым барысында қосалқы құрамнан алаңға шыққан футболшылардың голдары бойынша «қалалықтардың» еншісінде небәрі бір ғана гол бар. Бұл — лигадағы ең төмен көрсеткіш.

Ал бұл көрсеткіш бойынша көш басында «Арсенал» тұр. Лондондық клубтың қосалқы құрамнан шыққан ойыншылары 11 гол соққан.

30-турда «Манчестер Сити» «Вест Хэм Юнайтедпен» 1:1 есебімен тең түсті. Ал «Арсенал» «Эвертонды» жеңіп, екі голды да алаңға кейін шыққан футболшылардың көмегімен соқты.

Ойынның 89-минутында шабуылшы Виктор Дьекереш есеп ашса, қосымша уақыттың 90+7-минутында 16 жастағы жартылай қорғаушы Макс Доумэн тағы бір гол соқты.

30 турдан кейін «Арсенал» 70 ұпаймен Премьер-лига турнирлік кестесінде көш бастап тұр. «Манчестер Сити» екінші орында келеді және көшбасшыдан тоғыз ұпайға қалып қойған. Алайда команданың бір ойыны қорда бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или