Бангкоктағы бокс турнирінде қазақстандық спортшылар үш рет чемпион атанды

Бангкоктағы бокс турнирінде қазақстандық спортшылар үш рет чемпион атанды

Таиландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан Futures Cup халықаралық бокс турнирінде Қазақстан құрамасы үш алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

80 келіге дейінгі салмақта Айдана Убайдулақызы чемпион атанды. Финалда ол Өзбекстан өкілі Асалу Бахтиерованы жеңді.

60 келіге дейінгі салмақта Досжан Жұмахан алтын медаль иеленді. Шешуші жекпе-жекте ол тайлық Сива Чайнаронгтан басым түсті.

Тағы бір алтынды 75 келіге дейінгі салмақта Хамза Мақсатұлы жеңіп алды. Финалда ол өзбекстандық Сухроб Рахматуллаевты жеңді.

Ал 90 келіге дейінгі салмақта Жалғанс Өтебеков финалда өзбекстандық Асадбек Сұлтанбоевқа есе жіберіп, күміс жүлдегер атанды.

Айта кетейік, бүгін, 15 наурыз күні турнирде қазақстандық боксшылар қатысатын тағы төрт финал өтеді. Алтын медаль үшін Бейбарыс Әшірбай (70 кг), Камила Оспанова (70 кг), Тимур Тайбеков (80 кг) және Владислав Саможонов (90 кг-нан жоғары) жұдырықтасады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или