Елена Рыбакина жарқын жеңістер сериясын жалғастырып келеді
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Индиан-Уэллсте өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жартылай финалда «Үлкен дулыға» турнирлерінің екі дүркін чемпионы әлемдік рейтингте тоғызыншы орында тұрған украиналық Элина Свитолинаны жеңді. Кездесу 7:5, 6:4 есебімен қазақстандық теннисшінің пайдасына аяқталды.
Бұл жеңіс Рыбакина үшін WTA рейтингінің үздік ондығына кіретін қарсыластарға қарсы қатарынан 12-ші жеңіс болды. Мұндай серия өткен жылдың күзінде Нинбо турнирінде басталған. Сол жарыста қазақстандық теннисші чемпион атанған еді. Қазіргі уақытта оның топ-10 теннисшілерге қарсы жалпы статистикасы — 36 жеңіс және 27 жеңіліс.
Индиан-Уэллс турнирінің финалында Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы, Беларусь теннисшісі Арина Соболенкомен кездеседі. Ол — «Үлкен дулыға» турнирлерінің төрт дүркін жеңімпазы.