Александр Усик ең қиын қарсыласын атады

Александр Усик ең қиын қарсыласын атады

Украиналық ауыр салмақтағы әлем чемпионы Александр Усик мансабындағы ең қиын қарсыластардың бірі ретінде британдық Дерек Чисораны атады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Боксшының айтуынша, дәл осы жекпе-жек одан тек физикалық емес, психологиялық тұрғыдан да үлкен төзімділікті талап еткен. Усик пен Чисора арасындағы айқас 2020 жылдың 31 қазанында Лондонда өткен. Сол кездесуде украиналық боксшы төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жеткен.

Соған қарамастан, Усиктің айтуынша, жекпе-жек нәтижесіне қарағанда әлдеқайда қиын болған. Оның сөзінше, Чисора рингте әдеттегі тактиканы ұстанбай, өте агрессивті әрі бейберекет стильде жұдырықтасқан.

«Дерек мен сияқты — рингте бәріне мән бермей, өз білгенін жасайды. Кейін Чисора техникалық жағынан мені жеңе алмайтынын айтып, психологиялық қысым жасауға тырысқанын мойындады. Бірақ мен соған шыдадым», — деді Усик GQ Sports журналына берген сұхбатында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или