Данилина мен Крунич WTA 1000 турнирінде күміс жүлдемен шектелді

Данилина мен Крунич WTA 1000 турнирінде күміс жүлдемен шектелді

Қазақстандық теннисші Анна Данилина сербиялық Александра Круничпен бірге Индиан-Уэллсте өткен WTA 1000 турнирінің финалында жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Шешуші матчта қазақстандық-сербиялық жұп чехиялық Катержина Синякова мен америкалық Тэйлор Таунсендке есе жіберді. Кездесу 7:6 (7:4), 6:4 есебімен қарсыластардың пайдасына аяқталды.

Матч 1 сағат 34 минутқа созылды. Статистика бойынша Синякова мен Таунсенд екі эйс жасап, бір рет қос қателік жіберді және сегіз брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды. Данилина мен Крунич бір эйс орындап, қос қателік жіберген жоқ және үш мүмкіндіктің біреуін ғана брейкке айналдырды.

Индиан-Уэллсте өткен турнир 5–14 наурыз аралығында ұйымдастырылды. Бұл жарыс «Үлкен дулыға» турнирлерінен кейінгі WTA күнтізбесіндегі ең беделді турнирлердің бірі саналады. Өткен жылы осы жарыстың жұптық сынында Эйжа Мухаммад пен Деми Схурс жеңімпаз атанған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или