Елена Рыбакина тағы бір тарихи жетістікке жетті
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина тағы бір маңызды жетістікке қол жеткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ол WTA рейтингіндегі үздік ондыққа кіретін қарсыластарына қарсы қатарынан 12 жеңіске жетті. Бұл серия 2025 жылдың қазан айында басталған. Сол кезде Рыбакина Нинбо қаласында өткен турнирдің жартылай финалында әлемнің сегізінші ракеткасы Жасмин Паолиниді жеңген.
Сол турнирдің финалында ол Екатерина Александровані (10-орын) ұтты. Кейін Эр-Риядта өткен WTA Finals турнирінде Аманда Анисимованы (4), Ига Швёнтекті (2), тағы да Екатерина Александровані (10) топтық кезеңде жеңіп шықты. Жартылай финалда Джессика Пегуланы (5), ал финалда Арина Соболенконы (1) тізе бүктірді.
2026 жылғы Australian Open турнирінде Рыбакина ширек финалда Ига Швёнтекті (2), жартылай финалда Джессика Пегуланы (6), ал финалда Арина Соболенконы (1) жеңді.
Индиан-Уэллсте өтіп жатқан BNP Paribas Open турнирінде де ол жеңіс сериясын жалғастырып, ширек финалда Джессика Пегуланы (5), ал жартылай финалда Элина Свитолинаны (9) жеңді.