Олег Болякин әлем чемпионатына құрам жасақтайды

Олег Болякин әлем чемпионатына құрам жасақтайды

Хоккейден Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Олег Болякин алдағы әлем чемпионатына баратын құрамды жасақтаумен айналысады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Meta-ratings.kz мәліметінше, тәжірибелі маман команданың ойыншыларын іріктеу жұмысына жауапты болады. Биыл Қазақстан құрамасы бірінші дивизиондағы әлем чемпионатында өнер көрсетеді. Турнир Польшадағы Сосновец қаласында 2–8 мамыр аралығында өтеді.

Өткен жылы Данияда өткен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы Олег Болякиннің жетекшілігімен өз тобында соңғы орын алып, элиталық дивизионнан түсіп қалған еді.

Егер Магнитогорскінің «Металлург» клубы Гагарин кубогының финалына шықса, онда қорғаушы Валерий Орехов пен шабуылшы Никита Михайлис ұлттық құрамамен бірге әлем чемпионатына бара алмауы мүмкін.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или