«Ақтөбе» Косово құрамасының бұрынғы ойыншысын алуға жақын болған

«Ақтөбе» Косово құрамасының бұрынғы ойыншысын алуға жақын болған

«Ақтөбе» клубы албаниялық «Эгнатия» командасының қорғаушысы Арбенит Джемайлиді сатып алу бойынша келіссөз жүргізген, деп хабарлайды Prosports.kz.

Legalbet.kz мәліметінше, трансферге жақын болған. Тіпті орталық қорғаушы Қазақстанға келу үшін қажетті құжаттарды рәсімдеу мақсатында өзі туған Швейцарияға барып, виза мен жол құжаттарын дайындаған. Алайда белгілі бір сәтте келіссөздер тоқтап, мәміле жүзеге аспай қалған.

Соған қарамастан тараптар жазда қайта келісімге келуі мүмкін деген ықтималдық жоғары екені айтылады.

Арбенит Джемайли 2019 жылы Косово ұлттық құрамасы сапында бір матч өткізген. 2025/2026 жылғы Албания чемпионатында «Эгнатия» құрамында 22 ойынға қатысып, екі нәтижелі пас берген.

Transfermarkt порталы 27 жастағы қорғаушының трансферлік құнын 600 мың еуро деп бағалайды. Оның «Эгнатия» клубымен келісімшарты 2027 жылдың маусым айының соңына дейін жарамды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или