Рыбакина үздік қарсыластармен матчтардағы табысының себебін түсіндірді
Қазақстандық теннисші, «Үлкен дулыға» турнирлерінің екі дүркін чемпионы Елена Рыбакина соңғы айларда топ-деңгейдегі қарсыластармен өткен матчтардағы нәтижесі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Теннисшінің айтуынша, ол әрдайым жоғары деңгейдегі ойыншыларға қарсы жақсы ойнауға тырысады. Бұрын мұндай кездесулерде нәтиже жиі сәтсіз болғанымен, уақыт өте тәжірибе жинап, тұрақтылық пайда болғанын айтты.
«Мен әрқашан топ-ойыншыларға қарсы жақсы ойнадым. Бұрын статистика сәл нашар көрінген шығар, өйткені мұндай тартысты матчтарда жиі жеңіліп қалатынмын. Бірақ жылдар өткен сайын, тәжірибемен бірге тұрақтылық келеді. Сол қарқынды сақтай аламын деп үміттенемін», — деді Рыбакина Индиан-Уэллстегі баспасөз мәслихатында.
Оның сөзінше, уақыт өте қарсыластарды жақсырақ танисың. Бір ойыншылармен бірнеше рет кездескенде олардың ойынын түсініп, не күтуге болатынын білесің. Рыбакина мұның бәрі нәтижеге әсер ететін факторлар екенін атап өтті.