Майк Тёниссен «Париж–Ницца» кезеңінде алтыншы орын алды

Майк Тёниссен «Париж–Ницца» кезеңінде алтыншы орын алды

Францияда өтіп жатқан беделді «Париж–Ницца» көпкүндік веложарысының жетінші кезеңі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

47 шақырымдық қысқа кезең Ницца — Изола бағыты бойынша ұйымдастырылды. Кезең жеңімпазы «INEOS Grenadiers» командасының шабандозы Дориан Годон болды. Ол қашықтықты 1 сағат 1 минут 48 секундта еңсерді. Екінші болып «NSN Cycling Team» өкілі Биниам Гирмай мәреге жетсе, үшінші орын «Decathlon CMA CGM Team» командасынан Сес Болға бұйырды.

«XDS Astana Team» сапында ең үздік нәтижені нидерландиялық Майк Тёниссен көрсетті — ол алтыншы орын алды. Сонымен қатар қазақстандық команда құрамында Евгений Федоров 12-орынға тұрақтады. Николя Винокуров 97-болса, Даррен ван Беккум 100-орында финишке келді (+3:07). Харольд Техада 109-орын алса, Никола Кончи 110-орынға жайғасты. Неміс шабандозы Макс Кантер бұл кезеңге қатысқан жоқ.

Жеті кезеңнен кейін жалпы есептегі көшбасшы өзгерген жоқ. Бірінші орында «Team Visma | Lease a Bike» командасының өкілі Йонас Вингегор келеді. Оның жалпы уақыты — 22 сағат 18 минут 38 секунд. Екінші орында «Red Bull-BORA-hansgrohe» командасынан Даниэль Мартинес (+3:22) тұр. Үшінші орынды «EF Education-EasyPost» шабандозы Георг Штайнхаузер иеленіп отыр (+5:50).

«XDS Astana Team» құрамында жалпы есептегі ең үздік нәтиже колумбиялық Харольд Техадаға тиесілі. Ол жеті кезеңнен кейін 10-орында келеді және көшбасшыдан 11 минут 27 секунд қалып отыр.

Команданың басқа шабандоздары да жалпы есепте орын алып отыр. Николя Винокуров 31-орында (+41:07), Даррен ван Беккум 56-орында (+49:40), Майк Тёниссен 60-орында (+52:22). Никола Кончи 85-орында (+1:03:00), ал Евгений Федоров 92-орында (+1:06:38).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или