Оның айтуынша, боксшыға қолданылған санкция әділ. Журналист допинг сынамасынан өтпей қалған спортшыларға қатаң шара қолданылуы тиіс екенін атап өтті. Сонгалияның пікірінше, Қазақстан федерациясының да, халықаралық ұйымдардың да шешімі осы талаптарға сәйкес келеді.
«Меніңше, бәрі әділ. Тіпті Қазақстан федерациясының өзі Жәнібек Әлімханұлын дисквалификациялады. Допинг сынамасынан таза өтпеуге болмайды. Неліктен WBO оның чемпиондық белбеуін сақтап қалды, ал IBF сақтамады? WBO ережелерін толық білмеймін, бірақ бір ұйымдағы дисквалификация бәріне ортақ болуы керек сияқты», — деді Сонгалия Legalbet.kz тілшісіне берген сұхбатында.
11 наурыз күні Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясының президенті Рахимжан Ерденбеков IBF ұйымының шешімі туралы мәлімдеді. Оның айтуынша, ұйым қатаң ережелерге сүйене отырып, Әлімханұлын 2026 жылдың 2 желтоқсанына дейін жарыстардан шеттеткен. Сонымен қатар IBF ережесі бойынша чемпион өз титулын тоғыз ай ішінде қорғауы тиіс. Осы жағдайға байланысты ұйым директорлар кеңесі 2026 жылдың 5 наурызында чемпиондық титулды бос деп жариялау туралы шешім қабылдаған.
Бұған дейін WBO да қазақстандық боксшыны бір жылға дисквалификациялаған. Алайда бұл ұйым оның чемпиондық белбеуін сақтап қалды. Сонымен қатар WBO уақытша чемпиондық титул үшін британдық Дензел Бентли мен венесуэлалық Эндри Сааведра арасында жекпе-жек өткізуді белгіледі. Кейін Әлімханұлы жазасын өтеген соң осы айқастың жеңімпазымен кездесуі тиіс.