Қазақстандық спортшы Power Slap ауыр салмағында үздік төрттікке енді

Қазақстандық спортшы Power Slap ауыр салмағында үздік төрттікке енді

Қазақстандық күш атлеті Закир Найманбаев Power Slap лигасының ауыр салмақ дәрежесіндегі рейтингінде төртінші орынға көтерілді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл лига UFC президенті Дана Уайттың қолдауымен ұйымдастырылады. Қазақстандық спортшы турнирлерде сенімді өнер көрсетіп, қуатты соққыларымен көзге түсіп келеді.

Рейтингте төртінші орынға көтерілу Найманбаевтың жоғары деңгейін көрсетіп, оны ауыр салмақтағы басты үміткерлердің біріне айналдырды.

Еске салсақ, жуырда Найманбаев АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен Power Slap 18 турнирінде өнер көрсеткен. Ол кезде оның қарсыласы америкалық Уэс Мена болды. Кездесу төрешілердің бірауызды шешімімен қазақстандық спортшының пайдасына аяқталды.

Осы жекпе-жекке дейін Найманбаев ауыр салмақтағы рейтингте алтыншы орында тұрған, ал Уэс Мена төртінші орында еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или