Ислам Махачевке қиын қарсылас болуы мүмкін файтер белгілі болды

Ислам Махачевке қиын қарсылас болуы мүмкін файтер белгілі болды

Бразилиялық UFC файтері Карлос Пратес жартылай орта салмақтағы чемпион Ислам Махачевке ең қауіпті қарсылас кім болуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Оның пікірінше, ресейлік чемпионды тоқтатуға ең үлкен мүмкіндік ирландиялық Иэн Мачадо Гэрриде бар. Пратестің айтуынша, Гэрри қозғалысы жақсы, әрі жекпе-жектің кез келген тұсында — стойкада да, партерде де бәсекеге түсе алады.

«Махачевті кім тоқтата алады? Меніңше, Иэн Мачадо Гэрри. Ол көп қозғалады, әрі жекпе-жектің кез келген бөлігінде жақсы әрекет етеді — жерде де, стойкада да. Сондықтан бұл өте қызық айқас болар еді», — деді Пратес Red Corner MMA-ға берген сұхбатында.

Иэн Мачадо Гэрри соңғы рет 2025 жылдың қарашасында Дохада өткен UFC Fight Night 265 турнирінде Белал Мухаммадпен кездесіп, төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жеткен. Оның еншісінде 17 жеңіс және бір жеңіліс бар.

Ислам Махачев болса соңғы жекпе-жегін 2025 жылдың қарашасында Нью-Йоркте өткен UFC 322 турнирінде өткізіп, Джек Делла Маддаленаны төрешілердің бірауызды шешімімен жеңген. Осы жеңістен кейін ол UFC-дің жартылай орта салмақтағы чемпионы атанды. Махачевтің кәсіби рекорды — 28 жеңіс және бір жеңіліс.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или