Ресейлік бапкрю ата-аналардың ақшасын казиноға тіккен

Ресейлік бапкрю ата-аналардың ақшасын казиноға тіккен

Курск қаласындағы балалар футбол командасының жаттықтырушысы ата-аналардан жиналған қаржыны онлайн-казинода ұтқызғанын мойындады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ресейдің Курск қаласындағы «Факел» балалар футбол командасының жаттықтырушысы Евгений Кавришев ата-аналардан жиналған қаражатты жымқырғанын мойындады.

Тергеу нұсқасы бойынша, жаттықтырушы 33 баланы Кисладовск қаласына оқу-жаттығу жиынына апару үшін ата-аналардан 843 мың рубль жинаған. Алайда жоспарланған сапарға бірнеше күн қалғанда ол жиынның кейінге қалдырылғанын хабарлап, ата-аналар ақша қайтаруды талап еткенде бас тартқан.

Кейін белгілі болғандай, жиналған қаражаттың басым бөлігін жаттықтырушы онлайн-казинода ұтқызып жіберген. 

Айта кетелік, қазір оған Ресей Қылмыстық кодексінің «Иеленіп алу немесе ысырап ету» бабы бойынша іс қозғалып, 6 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или