Қазақстан Паралимпиада да үздік 5-ке енді

Қазақстан Паралимпиада да үздік 5-ке енді

Қазақстандық пара шаңғышылар құрамасы 4×2,5 шақырымдық ашық эстафета жарысында бесінші орын алды, деп хабарлайды Prosports.kz. 

Команданың құрамында Ербол Хамитов, Владислав Кобаль және Александр Герлиц бар. Қытай құрамасы жеңімпаз атанса, екінші орынды Германия алды, ал үшінші орын Норвегияға тиесілі.

Қазақстан жетекші командадан +1:24.1 нәтижемен қалып тұр. Бұл нәтиже Қазақстанның Паралимпиададағы үздік 5 команданың қатарына қосылуына мүмкіндік берді.

Айта кетелік, Қазақстан екі медальмен алда тұр. Ербол Хамитов биатлон спринтінде «алтын», пара шаңғыдан спринтте «қола» медаль жеңіп алды. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или