Рыбакина: «Сенімділік пайда болды...»

Рыбакина: «Сенімділік пайда болды...»

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина 2026 жылғы маусымдағы сенімді ойыны туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz..

Оның айтуынша, жақсы нәтижелер командамен бірге атқарылған жұмыстың арқасында келген. Сондай-ақ рейтингі жоғары қарсыластарды жеңгеннен кейін өзіне деген сенімі арта түскенін айтты.

«Біз командамен өте жақсы жұмыс істейміз, және өткен жылы жақсы нәтижелердің пайда бола бастағанын байқадық. Әрине, сенімділік рейтингі жоғары ойыншыларды жеңгеннен кейін пайда болды» деді ол Индиан-Уэллсе  баспасөз жиынын да. 

Айта кетелік, Рыбакина биыл Australian Open турнирінде жеңімпаз атанып, WTA Qatar Open жарысының ширек финалына дейін жеткен болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или