«Челсидің» бас бапкері талапты орындамаса, қызметтен кетеді
Лондондық «Челси» клубының бас бапкері Лиам Росеньор маусым соңында қызметінен кетуі мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.
Клуб басшылығы егер команда UEFA Champions League турнирінің 1/8 финалынан шығып қалса, онда бапкерден келесі маусымдағы Чемпиондар лигасына жолдама алуды талап етеді. Одан алғашқы төрттікке ену қатаң талап етіліп отыр.
Айта кетелік, егер Росеньор бұл тапсырманы орындай алмаса, оны қызметтен босату ықтималдығы жоғары. Қазір «Челси» Премьер-лиганың 29 турынан кейін 48 ұпаймен бесінші орында тұр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или