Он қазақстандық боксшы Futures Cup туинирінің жартылай финалына жолдама алды

Он қазақстандық боксшы Futures Cup туинирінің жартылай финалына жолдама алды

Таиландтың Бангкок қаласында World Boxing федерациясының ұйымдастыруымен бокстан жастар арасында Futures Cup турнирі өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК-қа сілтеме жасап.

Турнир аясында он отандасымыз финалға шығу үшін бақ сынайды.

Атап айтқанда, Досжан Жұмақан (60 келіге дейін), Бейбарыс Әшірбай (70 келіге дейін), Хамза Мақсатұлы (75 келіге дейін), Тимур Тайбеков (80 келіге дейін), Нұрсұлтан Қыстаубай (85 келіге дейін), Жалғас Утебеков (90 келіге дейін) жартылай финалға өтті.

Әйелдер арасында Ақнұр Тұрсынғали (57 келіге дейін), Камила Оспанова (70 келіге дейін), Зарина Толыбай (75 келіге дейін), Айдана Убайдуллақызы (80 келіге дейін) жартылай финалда жұдырықтасады. 

Айта кетейік, Владислав Саможонов (90 келіден жоғары) жартылай финалда Калеб Стюарт Рейдті (АҚШ) жеңіп, финалға шықты.

Жартылай финалдық бәсекелер 14 наурызда өтеді.

Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы атағынан айырылды

Мейірім Нұрсұлтанов әлемдік рейтингте бірінші орында тұр

Сұлтан Заурбек WBO рейтингінен шығып қалды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или