Диас Өтеген ONE FC турнирінде жеңіске жетті
Қазақстандық файтер Диас Өтеген (3-0) Тайландтың Бангкок қаласында өткен ONE FC аралас жекпе-жек турнирінде перулік Маламбо Пелаэсбен (6-1) жұдырықтасты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жартылай орта салмақта өткен жекпе-жек үш раундқа созылып, Өтеген төрешілер шешімімен жеңіске жетті.
Осылайша, Диас Өтеген кәсіби MMA мансабындағы төртінші жеңісіне қол жеткізді (ONE FC лигасындағы екінші жеңісі), ал Маламбо Палаэс екінші жеңілісіне ұшырады. Қазақстандық файтер қаңтар айында промоушендегі дебютін жасап, ресейлік Ахмед Рабадановтыда төрешілер шешімімен жеңген (3-1) болатын.
Арман Царукян: «Менің жеңуім үшін жарақат ал!» – Джастин Гэтжиға кеңес
Дана Уайт UFC турнирінің Ақ үйде өтетін билет құнын жариялады
Қазақстандық файтер OCTAGON турнирінде қарсыласын қылқындыру әдісімен жеңді