Қазақстандық теннисші АҚШ-тағы турнирдің финалына шықты

Қазақстандық теннисші АҚШ-тағы турнирдің финалына шықты

Индиан-Уэллсте әлемдегі ең беделді теннис турнирлерінің бірі BNP Paribas Open (WTA 1000, ATP Masters 1000) турнирі өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Әлемнің 2-ракеткасы, қазақстандық Елена Рыбакина мен украиналық Элина Свитолина (WTA №9) турнирдің финалына шығу үшін бақ сынасты.

Кездесу де қазақстандық теннисші 7-5, 6-4 есебімен жеңіске жетті.

Турнирдің финалында Рыбакина әлемнің 1-ракеткасы, белорусьтік Арина Соболенкомен кездеседі.

Индиан-Уэллстегі BNP Paribas Open турнирі (ATP Masters 1000 және WTA 1000) 4-15 наурыз аралығында өтеді. Турнирдің жүлде қоры 9 715 495 доллар.

Рыбакина әлемдік теннистегі ерекше жетістікке жетті

Рыбакина әлемдік рейтингте екінші орынға көтерілді

Billie Jean King Cup: Қазақстан мен Канаданың құрамы жарияланды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или