Иран құрамасы АҚШ-та өтетін әлем чемпионатына бармайды

Иран құрамасы АҚШ-та өтетін әлем чемпионатына бармайды

Иран құрамасы алдағы футболдан өтетін әлем чемпионатына қатысудан бас тартты, деп хабарлайды Prosports.kz. Бұл туралы Иранның спорт министрі Ахмад Доньямали мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, шешім АҚШ билігінің әрекеттеріне байланысты қабылданған. Ол телеарна эфирінде қазіргі саяси жағдайға байланысты Иран құрамасы турнирге қатыспайтынын айтты.

Іріктеу кезеңінен сәтті өткен ирандықтар жеребе нәтижесі бойынша G тобына түскен еді. Бұл топта олар Бельгия, Египет, Жаңа Зеландия құрамаларымен ойнауы тиіс болатын. Күнтізбе бойынша Иран құрамасының топтық кезеңдегі барлық үш ойыны АҚШ стадиондарында өтеді деп жоспарланған.

Айта кетелік, алдағы 2026 жылғы әлем чемпионаты 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексика елдерінде өтеді.

Қырғызстан әйелдер футбол құрамасы Сауд Арабиясына қарсы сәтті ойын көрсетті




Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или